Бүгін ВТБ Біріккен лигасы аясында елордалық «Астана» мен Пермь қаласының (Ресей) «Парма-Пари» клубтары арасында ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олег Киселев шәкірттері де соңғы кездесуінде табысқа жетіп, ұзақ жеңіліс сериясын үзді. 13-і күні «Астана» өз алаңында саратовтың «Автодорынан» басым түсті. Кездесу 70:69 (21:19; 12:23; 19:20; 18:7) есебімен аяқталды.

«Парма-Пари» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, ВТБ Біріккен лигасының сайтында мына СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.