Мельбурн қаласында 25 метрге қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

100 м қашықтыққа баттерфляй жүзу қорытындысы бойынша Мусин 50,64 секунд нәтиже көрсетті.

Бұл оған Қазақстанның жаңа рекордын орнатуға мүмкіндік берді.

Қорытынды хаттамада қазақстандық 16-орынға көтеріліп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.