Бүгін Швейцарияның Энгельберг қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден әлем кубогы кезеңінің іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы Данил Васильев 36-орын алды (93,4 ұпай) . Бұл нәтиже негізгі кезеңге өтуге жеткілікті болды.

Қазақстандық тағы бір спортшы Сабыржан Муминов іріктеуден өте алмады. Ол 54-орынға ие болды.