«Барселона» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испания құрамасының Twitter‑парақшасында футболшымен қоштасу видеосы жарияланды.

Бускетс ұлттық құрамадағы дебютін 2009 жылы сәуірде өткізген. Құрама сапында 143 ойынға қатысып, әлем және Еуропа чемпионы болды.

2022 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы 1/8 финалда Марокко құрамасынан жеңіліп қалды.