Альп-д’Юэзде (Франция) могул-фристайлдан Әлем кубогы кезеңінде финал аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда қазақстандық Аяулым Әміренова 14-орын алды.

Бірінші орынды ұлыбританиялық Джакара Энтони иеленді, екінші орынды америкалық Джелин Кауф алды, ал үздік үштікті француз Перрин Лаффон түйіндеді.