Алматыда шорт-тректен әлем кубогының төртінші кезеңінде аралас эстафетада ширек финалдық жарыстар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда сынға түскен Қазақстан ерлер құрамасы (Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев) жартылай финалға өте алмады.

Алина Әжғалиева, Ольга Тихонова, Мәдина Жанбосынова сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 4:14,525 көрсеткішімен аяқтады. Бұл жарыстың жартылай финалына өту үшін жеткілікті болды.

Фото Сали Сабиров