Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының төртінші кезеңінде ерлер мен әйелдер арасында 1000 метрге жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында Қазақстанның бір өкілі қатысты. Қажығали Нұртілек (1:25.562) өз тобында жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Мадина Жанбосынова (1:33,626) пен Ольга Тихонова (1:32,768) да ширек финалға жолдама алды.

Фото: Сали Сабиров