Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Шутанова Sport24.ru басылымына ресейлік ойыншы Александр Зуевтың азаматтығын ауыстыру туралы ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

Қостанайда туып-өскен Александр Зуев 2005 жылы Ресейге көшіп, кәсіпқой футболға ауысқан. Бұған дейін 2016 және 2021 жылдары екі тарап келіссөз жүргізіп, бір келісімге келе алмаған.

Metaratings.ru жазуынша, қазіргі таңда ҚФФ мен футболшы Қазақстан құрамасы сапына шақырту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Алайда ҚФФ өкілі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді: «Бұл жалған. Александр Зуевпен мұндай диалог болған жоқ».