Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Александр Ковригиннің (5-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегі өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы боксшы 17 желтоқсанда Германияда өтетін кеште жұдырықтасуы керек еді. Алайда бокс кеші басты жекпе-жекке шығуы керек болған Тимо Шварцкопфтың жарақат алуына байланысты өтпейді.

Еске салайық, Ковригин карьерасындағы бес жекпе-жегінің бәрінде ұтып, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген.