Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты I дивизионының А тобында Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, кеше түнде Александр Истомин шәкірттері Дания құрамасын 4:0 есебімен жеңген болатын. Ол ойында Дінмұхамед Қайыржан, Роман Ермак және Всеволод Логвин (дубль) шайба соқты.

Қазақстан – Словения матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде мына сілтеме арқылы және Insport Youtube-арнасынан көруге болады.