Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны қарсаңында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Виктор Кумыковтың жетекшілігімен Қайсар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанды. Алғашқы оқу-жаттығу жиынына 22 футболшы қатысады. Оның ішінде 11 жергілікті, 4 отандық, 7 шетелдік ойыншы.

Ойыншылар қатарында өткен жылы клуб намысын қорғағандар бар: Нұрымжан Салайдын, Нұрмат Сәрсенов, Елжас Сарбай, Абылайхан Төлегенов, Жоао Педро Оливейра, Мағжан Бауыржан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов, Руслан Сахалбаев, Өркен Махан, Дидар Зәрхалилмәнко, Мамаду Диалло, Элисей Горшунов, Константин Горизанов.

Бұл ретте «Дала қасқырлары» алғашқы оқу-жаттығу жиынында екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр», - деп жазылған клуб хабарламасында.