Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ресейлік және беларусьтік боксшыларды рейтингке қайта енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл елдердің спортшылары әскерилер немесе үкіметтің бір бөлігі емес, сондықтан олардың Украинадағы қақтығысқа еш қатысы жоқ», – делінген хабарламада.

Бұл шешім Флоридадағы (АҚШ) Орландо қаласында өткен Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) 100 жылдық конвенциясы кезінде комитет мүшелерінің ұзақ талқылауынан кейін қабылданды.