BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) жасалған әлемдегі үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин төртінші орыннан бесінші сатыға сырғыды.

Ал Дерек Чисораны жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBC титулын сәтті қорғаған британиялық Тайсон Фьюри екінші сатыға жайғасты.BoxRec Рейтингісі (P4P):

1. Сауль Альварес2. Тайсон Фьюри3. Дмитрий Бивол4. Теренс Кроуфорд5. Геннадий Головкин6. Александр Усик7. Энтони Джошуа8. Наоя Инуэ9. Эррол Спенс10. Шакур Стивенсон.