«Астана» баскетболшылары ВТБ Біріккен лигасының кезекті маусымындағы матчта «Автодорды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 70:69 (21:19, 12:23, 19:20, 18:7) есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды.

24 ұпай жинаған Даниил Аксенов жеңімпаздар арасында матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Тағы 14 ұпай Маркелл Джонсонның есебінде.

«Автодор» сапынан Малик Ньюман 19 ұпай жинады. Данило Николич пен Никита Михайловский 12 ұпайдан, Скотт Мачадо 11 ұпайдан еншіледі.

ВТБ Біріккен лигасы. 14-тур

Астана - Автодор 70:69 (21:19, 12:23, 19:20, 18:7).

«Астана» келесі ойынын 17 желтоқсанда ПАРМА командасымен сыртта өткізеді.