Катардағы әлем чемпионатының финалында Вилтон Сампайо төрелік етуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Times мәліметінше, бразилиялық қазы әлі Катарда және финалда бас төреші болуы ықтимал. Сампайо бұған дейін ширек финалда Англия - Франция матчында қазылық еткен.

Одан бөлек, финалдың бас төрешісі болып тағайындалуға англиялық Энтони Тэйлор да үміткер.

Бразилия - Хорватия кездесуінде төрелік еткен Майкл Оливерді ФИФА үйіне қайтарды.