Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) суперауыр салмақта әлем чемпионы украиналық Александр Усикке міндетті үміткер тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украиналық боксшы WBA, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғайды. Қарсыласы ұлыбританиялық Даниэль Дюбуа болады, оның еншісінде WBA Regular титулы бар.

Бұған дейін Усик келесі жекпе-жегінде ұлыбританиялық Тайсон Фьюримен кездеседі деп күтілген. Бірақ енді олардың жекпе-жегі белгісіз уақытқа шегерілді.