Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-де келесі жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның UFC-дегі бесінші жекпе-жегі 14 қаңтарда Лас-Вегаста UFC Fight Night 217 турнирі аясында өтеді. Қарсыласы жартылай орта салмақ рейтингінде 7-орында тұрған Джефф Нил болады.