Бүгін ВТБ Бірегей лигасы аясында елордалық «Астана» мен Cаратовтың «Автодорs» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биылғы чемпионатта «Астана» бір ғана жеңіске жеткен. Ол екі ай бұрын (13 қазан) өз алаңында «ПАРМА» командасын (84:72) жеңген еді. Бірақ содан бері ол қатарынан 10 рет жеңіліп қалды.

Қазақстандық клуб өзара кездесулерде кейінгі рет 2019 жылы 2 ақпанда Саратовта (88:64) жеңіске жеткен болатын. Содан бері «Автодор» қатарынан 6 рет жеңді. Алайда өткен маусымда өз алаңында «Астананы» матч соңында ғана жеңе алған еді (83:82).

«Астана» – «Автодор» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Матчты ВТБ Біргей лигасының сайтынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото pbcastana.kz