Жексенбі күні Мәскеу облысында кикбоксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Думбраваның мәйіті табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды, бірақ спортшы ешқандай хат қалдырмаған.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Кикбоксшының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын белгісіз. Думбраваның анасы қызының есірткі қабылдағанын айтты.

Думбрава кикбоксингпен 1999 жылдан бері айналысады. Ол Ресей, әлем және Еуропа чемпионаттарында бірнеше рет жүлдегер атанған болатын.