Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони әлем чемпионатының жартылай финалы аясындағы Хорватия құрамасына қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бізді мықты командаға қарсы қиын матч күтіп тұр. Бұл лайықты команда, олар команда сияқты ойнайды және олармен қиын болады.

Кейінгі әлем чемпионатымен салыстырудың мағынасы жоқ деп ойлаймын. Бірақ мен Хорватияның өте жақсы команда екеніне сенімдімін. Матч қиын болады», — деп келтіреді Скалонидің сөзін TyC Sports.

Еске салайық, әлем чемпионаты 1/2 финалының Аргентина - Хорватия ойыны бүгін, 13 желтоқсанда Лусаил қаласындағы «Лусаил Айконик» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады. Екінші жартылай финалдық ойында Франция мен Марокко құрамалары кездеседі.