Аса ауыр салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы британдық Энтони Джошуаның (24-3, 22 КО) промоутері Эдди Хирн өзінің шәкірті келесі жекпе-жегін Лондондағы O2 аренасында өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көптеген шоу [2023 жылы] бар. Біз Эй Джемен O2 аренасында қайтадан өнер көрсетеміз. Атқаратын істер көп», - деді функционер International Boxing News YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, тамыз айындағы кейінгі жекпе-жегінде британдық спортшы украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалған. Джошуаға қарсы жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі отандасы Диллиан Уайт (29-3, 19 КО) екені хабарланған еді. Олар 2015 жылдың желтоқсанында кездесіп, Джошуа техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.