Англия құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Bild мәліметінше, егер Гарет Саутгейт қызметінен кетуге шешім қабылдаса, Англия футбол қауымдастығы Томас Тухельді шақыруға тырысады.

Бұған дейін «Челсиді» басқарған 49 жастағы маман негізгі үміткер болып саналады.