Англия құрамасының экс-ойыншысы әрі Роналдудың "Манчестер Юнайтедтегі" бұрынғы әріптесі Гарри Невил футболшының жеңілістен соң жылағанына қатысты пікірін айтты.

- Криштиану Роналдудың туннелде жылап бара жатқанын көрдім. Мен үшін бұл сұмдық кадр. Ол өзінің әлем чемпионы атансам деген арманы орындалмайтынын сезген сәт еді.

Мансабымыз аяқталатын тұсты бәріміз де бастан кешірдік. Бірақ ол әлемдегі ұлы ойыншылардың бірі. Оны мұндай күйде көру өте ауыр. Оның басынан қиын кезеңдер өтуде, - деді Невилл.