Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталды. Үш күнге созылатын дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл біріншілік - 3 жас мөлшерін қамтыған алғашқы бәсеке (ересектер, жастар және жасөспірімдер). Жарыс бағдарламасына сәйкес жасөспірімдер мен жастар, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайды. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер 8, әйелдер 4) белдесуде.