Бүгін Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Цой Феликс Тихонович қайтыс болды.

Даңқты бапкер 81 жасында өмірден озды. Жаназасы 13 желтоқсан сағат 12:00 де Тараз қаласы Толе Би даңғылы 76 кв 1 мекен жайында өтеді.

Феликс Цой Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов, Ермек Нысанов т.б. бокс жұлдыздарын жаттықтырған.

Prosports.kz ұжымы атақты жаттықтырушының жақындары мен бокс жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтады.