Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен жұдырықтасты.

Бірінші жартылай орта салмақтағы вакантты IBO Inter-Continental титулы сарапқа салынған жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Қазақстан боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізді.