Футболдан Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович Германияның «Бавария» командасына ауысуы мүмкін.

Мұндай шешім «Баварияның» негізгі қақпашысы Мануэль Нойердің аяғынан жарақат алып қалуына байланысты қабылданып отыр. Салдарынан ол биылғы футбол маусының соңына дейін жасыл алаңға қайта орала алмайды деген болжам бар.

Бұл ретте «Бавария» басшылығы екі нұсқаны қарастырады. Алғашқысы – Францияның «Монако» клубынан Александр Нюбелдің жалға алу мерзімін тоқтатып, командаға қайта қосу болса, екіншісі – Доминик Ливаковичпен келісімшарт жасау.

Әлем чемпионатында хорватиялық қақпашы бес кездесуде өз қақпасына небәрі үш гол жіберіп алды. Ал, өзі ойнайтын Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубында 28 кездесуде 35 голды қақпасынан алып шығуға мәжбүр болды.