«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Сито Риера «Црвена Звездаға» қарсы қарымта матч туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ертең біз үшін өте маңызды ойын. Бізді тең есеп, жеңіліс немесе бір ғана гол қанағаттандырмайды. Біз жеңіс үшін күресеміз және соған қол жеткізе аламыз», - деді Риера.

Естеріңізге сала кетсек, Белградта өткен алғашқы матч 2:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілген болатын. Қарымта кездесу 9 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда 20:00-де басталады.