Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында өткізген матчтар саны бойынша әлемдік рекордты қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марокколықтарға қарсы ойын Роналду үшін ұлттық құрамадағы 196-шы болды. Бұған дейін Бадер әл-Мутава Кувейт құрамасының сапында осыншама ойын өткізген.

37 жастағы Роналду әлем чемпионатының финалындық кезеңіндегі матчтарды есебінде бесінші орынға көтерілді. Португалиялықтың еншісінде 22 ойын бар. Ол бұл көрсеткіш бойынша аты аңызға айналған Диего Марадона, Владислав Жмуда және Уве Силерден озып кетті. Аталмыш көрсеткіш бойынша көшбасшы неміс Лотар Маттеус – 25 матч.