34 жастағы голкипер Искер Касильяс португалиялық клубпен екі жылдық келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Касильяс жаңа клубында жылына 5 миллион еуро алады.

Естеріңізге сала кетсек, «Корольдік клуб» атақты қақпашымен келісім-шартты екіжақтық келісім бойынша бұзды. Клубтың ардагер ойыншысының орнына команда басшылығы «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид де Хеаны алмақ.