Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан жеңілгеннен кейін Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду көз жасын жасыра алмады.

Матч аяқталған соң ол киім ауыстыру бөлмесіне бара жатқан уақытта эмоциясын ұстай алмады. Төреші ысқырығы естілісімен-ақ Роналду мінбе астындағы орынға бет алды.

Қазір Роналдудың жасы 37-де. Бұл оның футболшы мансабындағы соңғы әлем чемпионаты болуы әбден мүмкін.