Әйгілі футболшы Криштиану Роналду әлем чемпионатында қатарынан екінші ойында негізгі құрам сапында алаңға шыққан жоқ.

Дәл қазір 1/4 финалында Марокко және Португалия құрамаларының кездесуі өтіп жатыр. Құрамалар жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады. Әзірге есеп 0:0.

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш негізгі құрамда Криштиану Роналдуды шығарған жоқ. Оның орнына Гонсалу Рамушқа сенім білдірді.