Рональд Куман футболдан Нидерланд құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нидерланд футбол одағы бас бапкермен келісімшартты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейінгі уақытқа жасады.

Рональд Куман ұлттық құрамаға бұған дейін 2018-2020 жылдар аралығында жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен нидерландылық футболшылар 2018/2019 жылғы Ұлттар лигасы финалында ойын көрсетті.