2022 жылғы әлем чемпионатың 1/4 финалындағы матчта Аргентина құрамасының жеңіліп қалған соң, Нидерланды құрамасының бас бапкері Луи ван Гал қызметінен кетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Нидерланды құрамасының бапкері ретінде жұмысымды жалғастырмаймын. Атқарылған жұмысымды мақтан тұтамын. Командаға көптеген жас ойыншы әкелдім. Біз команда құрдық, қазір артыма қарасам, көптеген позитив байқаймын», - деп келтіреді ван Галдың сөзін L'Equipe басылымы.

Нидерланд құрамасы ширек финалда Аргентинадан жеңіліп қалған болатын - негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, Оңтүстік Америка өкілі пенальти сериясында жеңіске жеткен.