Америкалық CBS Sports журналисі Грант Уол 2022 жылғы әлем чемпионатың 1/4 финалындағы Нидерланды мен Аргентина арасындағы ойын кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі football24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұмның ағасы хабарлады, кейін журналистің өлімін АҚШ футбол федерациясы да растады.

Уолдың ағасы Гранттың денсаулығында проблемалар болмағанын айтты. Сондай-ақ БАҚ қызметкеріне Катарда біреулер қоқан-лоққы көрсетіп, әдейі өлтіруі мүмкін деп болжам жасады.

Айта кетейік, Грант Уол CBS-те жұмыс істеген. Ол сонымен қатар «Бекхэм эксперименті» кітабының авторы.

Журналист Лусаил қаласындағы (Катар) Лусаил Айконик стадионында болып, әлем чемпионатының матчында жұмыс істеген. Кездесудің қосымша уақытында Уолдың жағдайы нашарлап, есінен танып қалды, әріптестері жедел жәрдем шақырған. Кейін Уол ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай журналист қайтыс болды.