Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңіліп қалғаннан кейін жаппай төбелесте 17 жасар қыз көз жұмып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ТАСС хабарлауынша, оқиға Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Барретуш қаласында болды.

Бразилия – Хорватия матчы аяқталғаннан кейін сауда орталығында жанжал туындап, жаппай төбелеске ұласқан. Жанжалдасқандар сауда орталығы сыртында атысқа дейін барған. Соның салдарынан 17 жасар қыз оқ жарақатынан қаза тапты. Ал оның құрбысы өкпесінен жарақат алған.

Полиция мәліметіне қарағанда, оқ атқан төртеу автокөлікпен оқиға орнынан бой тасалаған. Жанжалдың себебі нақтыланбаған.