Малайзия астанасы Куала-Лумпурда 21 жасқа дейінгі есту қабілеті нашар спортшылар арасында футзалдан алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойында Өзбекстан құрамасын 9:4 есебімен жеңді.

Осылайша, біздің құрама В тобында бірінші орын алды. Ширек финалда А тобында төртінші орын алған Әзербайжан құрамасымен кездеседі.