Қазақстан уақыты бойынша 11 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 282 турниріне қатысатын спортшылар салмақ өлшеп, көз түйістіру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы рейтингте үшінші және төртінші орында тұрған Ян Блахович пен Магомед Анкалаев кездеседі, олар осы салмақтағы UFC титулын сарапқа салады.