10 желтоқсанда Катардағы әлем чемпионатының ширек финалы аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар толық анықталады, деп жазады Prosports.kz.

Астана уақытымен сағат 21:00-де Дохадағы «Эль-Тумама» стадионында Марокко құрамасы мен Португалия құрамасы кездеседі. Айта кетерлігі, Марокко ширек финалға шығып, әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

Ал елорда уақыты бойынша сағат 01:00-де Эль-Хаурадағы «Эль-Байт» стадионында Англия – Франция матчы өтеді.

Марокко – Португалия және Англия – Франция кездесуін Qazaqstan және Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.