Қазақстандық Алан Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года Тунисте өтіп жатқан үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрманғалиев пен Года аралас жұптық сынның 1/2 финалында жапониялық Рин Менде және Такуми Танимото жұбын жеңді.

Ал ақтық сында испаниялық Мария Берсоса мен португалиялық Тиаго Абиодуннан басым түсті.