ҚХЛ президенті Алексей Морозов лига Гагарин кубогының плей-офф форматын өзгерткісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз плей-офф форматын өзгертуді талқыладық. Келесі аптада клубтарға дауыс беруді бастаймыз. Бірінші тур конференцияның ішінде өтеді. Бірінші айналымнан кейін 4 командадан тұратын 2 топ құрылады (Батыстан 1 және 3, Шығыстан 2 және 4 және керісінше), одан екеуі әрі қарай шығады.

Әлем чемпионатындағы плей-офф форматы сияқты. Егер жас ойыншыларға арналған квотаны ұлғайту туралы айтатын болсақ, онда клубтар үш ойыншыны шектеу идеясын қолдамады», - деді Морозов.