«Астана» клубының шабуылшысы Сергей Остапенко елордалық команданың тізімінен шығарылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
 2010 жылдан бері «Астана» сапында доп тепкен Сергей өткен жылы қызылордалық «Қайсарға» жалға берілген болатын. Осы маусымда елордаға қайта келгенімен, бірде-бір рет алаңға шықпады.