15-18 желтоқсан аралығында Мәскеуде Бірінші арна кубогы халықаралық турнирі өтеді, онда Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы екі кездесу өткізеді, сондай-ақ, 3х3 жүйесі бойынша турнирде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 желтоқсанда команда Мәскеуге аттанады. Команда сапында 27 хоккейші бар: 24 алаң ойыншысы және 3 қақпашы.

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Юргис Дубинскас («Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Егор Шалапов (барлығы - «Барыс»), Леонид Метальников («Адмирал»), Алексей Маклюков, Валерий Орехов (екеуі - «Металлург», Ресей), Эмиль Нұрғалиев («Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»).

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Антон Сагадеев, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков, Дмитрий Шевченко (барлығы - «Барыс») Павел Акользин («Металлург»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Арлан»), Максим Мухаметов («Номад»), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Роман Старченко («Спартак»).

Алдағы турнирдегі Қазақстан құрамасының барлық матчтарын Insport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.