Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Диас Жиренбаев, Михаил Шайдоров, Анна Левковец, София Фарафонова, Багдана Рахишова Хорватия астанасы Загребте басталған Golden Spin of Zagreb (хорватша Zlatna pirueta Zagreba) турнирінде бақ сынайды.

Бұл биылғы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) осы маусымдағы Challenger санатына кіретін соңғы 10-шы турнирі.

Биыл 20-дан астам елдің мәнерлеп сырғанаушысы жиналған жарыс 10 желтоқсанда мәресіне жетеді. Қазақстандық спортшылардың бәрі жекелей сында өнер көрсетеді.