Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду командадан кетуі мүмкін. Мұндай ақпаратты Record басылымы таратты.

Роналду Катардағы әлем чемпионатында топтық кезеңінің Кореяға қарсы соңғы матчында командаласымен ауысқаны және 1/8 финал аясында өткен Швейцарияға қарсы ойында алаңға шықпағаны шамына тиіп, бас бапкер Фернандо Сантушты құрама сапынан кететінін айтып қорқытқан.