Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңа рейтингі жарияланды. Өзгерістер қазақстандық боксшыларға да әсер етті.
Орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді. Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 13-ші орыннан 14-ші орынға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы Нұрсұлтанов рингке қазан айының басында аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен жекпе-жекке шығып, ұпай бойынша жеңген болатын.
26 жастағы Заурбек сәуір айында басқа аргентиналық Николас Бонеллиді нокаутқа жіберген еді.
Комментарии