Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан паралимпиадалық хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

С тобында бақ сынап жатқан жерлестеріміз алғашқы ойынды Таиланд құрамасын 7:0 есебімен жеңді.

В тобына берілер жалғыз жолдамаға Қазақстан мен Таиланд құрамасынан бөлек, Франция, Ұлыбритания, Армения және Австрия таласып жатыр. Жолдамаға турнир жеңімпазы ғана ие болады.

8 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 13:30-да Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.