Баскетболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында алматылық «Ирбис» пен «Астана» оңтүстік астанада екі кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойында алматылықтар жеңіске жетті, есеп – 78:70.

«Ирбис» (Алматы) – «Астана» (Астана) 78:70 (24:19, 16:22, 21:14, 17:15)

Келесі күні астаналықтар есе қайтарды. Бұл ойында есеп 87:68 болды.

«Ирбис» (Алматы) – «Астана» (Астана) 68:87 (18:19, 25:22, 18:20, 7:26)

Осы ойындардан кейін «Ирбис» 12 кездесуде 6 рет жеңіске жетті. Ал «Астанада» жеңіс пен жеңіліс саны бірдей. Бес мәрте жеңіп, бес рет жеңілген. Турнирлік кестеде командалар сәйкесінше үшінші және төртінші орында тұр.