Малайзия астанасы Куала-Лумпурда 21 жасқа дейінгі есту қабілеті нашар спортшылар арасында футзалдан алғашқы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы бірінші ойында Қытай құрамасын 22:0 есебімен жеңді.
Біздің құрама келесі кездесуін 8 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 13:45-те Тайландқа қарсы өткізеді.
Чемпионатқа 8 команда қатысып жатыр, олар төрттен екі топқа бөлінген. Топтық кезең қорытындысы бойынша ширек финал жұптары анықталады.
Комментарии