Елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев Чемпиондар Лигасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
— Командада «Марибормен» матчы алдында қандай да бір толқулар бар ма?
 
— Біз өте маңызды күйге келудеміз. Бұл Чемпиондар Лигасы ғой – барлық матчтар өте маңызды болады. Қарсыласқа қатаң түрде дайындалудамыз. Келесі раундқа шығу үшін барлық мүмкіндіктеріміз бар деп ойлаймын.
 
— Еуропа Лигасындағы біздің командалардың ойыны қандай әсер қалдырды?
 
— «Қайрат» үшін өте қуаныштымын. Келесі кезеңге өтуіне шын жүрекпен тілеймін.
 
Дереккөз: «Астана» ФК ресми сайты